Қазақ тілі 2 сынып ТЖБ 3-тоқсан

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау 

«Қазақ тілі (Т1)» 2 сынып

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар). Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеругежәнетоқсанбарысындамеңгергенбілім,білікжәнедағдыларынанықтауға бағытталған.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылғанжауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырматыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісіоқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысынтексеруге бағытталған.

Қазақ тілі 2 сынып ТЖБ 3-тоқсан

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде)
Тыңдалым және айтылым
1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып айт.
Тақырып: Спорт – денсаулық кепілі
Тірек сөздер: әр адам, спортпен шұғылдану, мықты денсаулық, шыдамдылық, жаттығу
жасау, ойындар, денені шынықтыру, үйірмеге қатысу, пайдалы, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ
өмір, спорттың барлық түрі, футбол, күрес, денсаулық кепілі.
[5]