Қазақ тілі 3-сынып 3тоқсан БЖБ «Өнер»

«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген


Қазақ тілі 3-сынып 3тоқсан БЖБ «Өнер»

«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді
белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген
тақырыпқа әңгіме құрайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 5 тірек сөзді түртіп ал.
Тірек сөздер: ____________________________________________________________
• Сұрақтарға жауап бер.
1) «Конверт» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2) Алғашқы конверт қашан және қай елде пайда болды?
3) Адамдардың конвертті ойлап табуына не әсер етті деп ойлайсың?
2-тапсырма
Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, сурет бойынша «Өнерлі отбасы»
тақырыбына әңгіме құра.
 Пошта конвертін хаттың «киімі» деуге болады. Ертеректе хатты қайыңның
қабығына жазып, хабаршылар арқылы таратып отырған. Олар хаттарды мәтіні ішкі
жағында қалатындай етіп бүктеп қоятын. Хатты қайда және кімге апаратынын жазатын
орын болмағандықтан, оны басқа ағаш қабыққа жазып, хатпен бірге жіппен байлап
қоятын.
 Мұндай хаттарды жіберу ыңғайсыз болды. 1820 жылы ағылшынның қағаз сатушы
саудагері Бревер хат салатын қалташа жасап шығарды. Ол «конверт» деп аталды.
«Конверт» сөзі «орап қою», «айналдыру, бұрау» деген мағынаны білдіреді. Көп
кешікпей конверт хаттан бөлініп, оның сыртқы «киіміне» айналды.