Математика 3-сынып 3-тоқсан БЖБ «Кестеден тыс көбейту және бөлу»

«Кестеден тыс көбейту және бөлу» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 3-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелікұсыныстардабөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. 

Математика 3-сынып 3-тоқсан БЖБ «Кестеден тыс көбейту және бөлу»

«Кестеден тыс көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Оқу мақсаты 3.1.2.6 Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау
3.1.2.7 Кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15
 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау
3.2.2.2 Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді,
 құрылымы күрделі х (25:5)=60; (24 3):х=6;
 х: (17 2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сандарды бір таңбалы санға қалдықпен бөледі
• Кестеден тыс жағдайлардағы көбейту мен бөлуді
орындайды
• Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулерді шешеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Қалдықпен бөлуді орында.
 59 : 7 = (қалд. )
2-тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
 14 ∙ 5 = 54 : 3=
3-тапсырма
Теңдеу құр және оны шеш:
17 мен 3-тің көбейтіндісіне белгісіз санды қосса, 72 саны шығады.