Цифрлық сауаттылық 3-сынып БЖБ 3-тоқсан «Әлемнің барлығы Интернетте»
«Әлемнің барлығы Интернетте» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Цифрлық сауаттылық 3-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (3-4-сыныптары) «Ақпараттық коммуникациялық технология «АКТ»» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Цифрлық сауаттылық 3-сынып БЖБ 3-тоқсан «Әлемнің барлығы Интернетте»
«Әлемнің барлығы Интернетте» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Нақты сұрақтарға жауап табу үшін Интернетті
қолдану
3.2.1.3 Құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу,
көшіру, қою
3.2.3.3 Презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды
пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Керекті ақпаратты іздеу жүйесін (браузер)
қолданып анықтайды
• Мәтінмен жұмыс жасауға арналған командаларды
қолданады
• Презентация құру үшін дайын дизайнды
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Практикалық жұмыс
Қазақстандық атақты тұлғалардың біреуі туралы презентация жаса және безендір.
1. Ақпаратты іздеу жүйесін (браузер) іске қос.
2. Қазақстандық атақты тұлға туралы ақпараттар (суреті, өмірбаяны т.б) іздеп тап.
3. Табылған ақпаратты презентацияға сал.
4. Презентацияны дайын дизайнның көмегімен безендір.
5. Құжатты жұмыс үстеліне сақта