БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 3-тоқсан «Заттар және олардың қасиеттері»
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 3-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 3-тоқсан «Заттар және олардың қасиеттері»
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 3.1 Заттардың типтері
3.2 Ауа
3.3 Су
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша
жіктеу
3.3.2.1 Ауаның құрамын сипаттау
3.3.3.6 Судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйіне қарай
ажыратады
• Ауаның құрамын анықтайды
• Судың адам өміріндегі маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Табиғи және жасанды денелерге 1 мысалдан келтіріп жаз.
• Заттар қандай күйлерде бола алады? Жаз.
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Ауаның құрамына қандай газдар кіреді? Атауын жаз.
Денелер
Табиғи денелер
__________________
Жасанды денелер
_________________
3-тапсырма
Судың адам өмірі үшін қандай маңызы бар? 1 мысал келтіріп жаз.