ТЖБ Жаратылыстану 4-сынып 3-тоқсан

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау «Жаратылыстану» 4-сынып
 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеругежәне тоқсанбарысындамеңгергенбілім,білікжәнедағдыларынанықтауға бағытталған. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. 
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ Жаратылыстану 4-сынып 3-тоқсан

«Жаратылыстану» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-тапсырма
Жарық көзі мен дененің арасындағы қашықтық көлеңкенің өлшеміне қалай әсер етеді?
Суреттерге мұқият қара және сөйлемдерді толықтыр.

1) Жарық көзі мен дененің арасы жақын болса, көлеңкенің өлшемі
_____________________________________________________________________
2) Жарық көзі мен кедергінің арасы алыс болса, көлеңкенің өлшемі
_____________________________________________________________________
[2]
2-тапсырма
Электр тогын өткізетін денелерді белгіле ().
[3]
3-тапсырма
Сұрақтарды оқы және дұрыс жауапты белгіле ()
a) Қай қабаттағы жабық терезеден даладағы шу қаттырақ естіледі?
Үстінгі қабаттағы Төменгі қабаттағы
b) Қандай залда ойнаған оркестрдің даусы қаттырақ естіледі?
Адам толы залда Бос тұрған залда