Қазақ тілі 4-сынып 3-тоқсан БЖБ «Табиғат құбылыстары»
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі (Т1)» 4-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген
Қазақ тілі 4-сынып 3-тоқсан БЖБ«Табиғат құбылыстары»
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 4.1.2.1* Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/ сызба/
кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз
ойын дәлелдеу
4.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог
құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырыпқа сүйеніп мәтіннің мазмұнын
болжайды және негіздейді
• Тірек сөздердің негізінде берілген тақырыпқа
монолог құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Диаграммаға сүйеніп, «Қыс көрінісі» тақырыбына берілген мәтіннің не туралы болатынын
болжап көр. Оны қалай анықтадың? Түсіндір.
2-тапсырма
Жоспар бойынша жоғарыда берілген тақырыпқа монолог құрап айт.
1) Қыс көрінісі
2) Қысқы ойындар
3) Қысқы тіршілік