Қазақ тілі 4-сынып 3-тоқсан БЖБ «Қоршаған ортаны қорғау»
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі (Т1)» 4-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген
Қазақ тілі 4-сынып 3-тоқсан БЖБ«Қоршаған ортаны қорғау»
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара
сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды
тұжырымдау
4.4.2.3* Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін
білу
4.3.1.1 Берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және
пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен
сәйкестендіреді
• Септік жалғауларын ажыратады
• Берілген тақырып аясында пайымдау элементтері
бар мәтін құрап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
1) Мәтіннің негізгі ойын анықта.
_______________________________________________________________________
2) Мәтінге ат қой.
__________________________________________________________