ТЖБ Математика 5 сынып 3-тоқсан
3-тоқсандық жиынтық бағалау «Математика» 5 сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
ТЖБ Математика 5 сынып 3-тоқсан
«Математика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық
бағалаудың тапсырмалары
1. Төмендегі жиындардың қайсысы А={1, 3, 5, 9} және B={1, 4, 5, 7, 10} жиындарының
қиылысуы болады?
A) C = {1, 9}
B) C = {1, 5}
C) C = {1, 3, 5}
D) C = {1, 5, 7, 9}
[1]
2.
A 3;1
;
B ;5;3 10
;
C ;7 11;15
және
D ;1 21
жиындарының қайсысы
F ;9;5;3;2 10; 21
жиынының ішкі жиыны?
A) A
B) B
C) C
D) D
[1]
3. Теңсіздік тура болатындай жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойыңыз:
,35*8,3 841
[1]
4. Эйлер-Венн диаграммасында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша қосымша
сабақтарға қатысатын оқуышылардың саны келтірілген. Диаграмманы қолданып,
сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Тілдер бойынша қосымша сабаққа барлығы неше оқушы қатысады?
2) Тек қана орыс тілі қосымша сабағына неше оқушы қатысады?
3) Неше оқушы қазақ тілі немесе ағылшын тілі қосымша сабақтарына қатысады, бірақ
орыс тілі қосымша сабағына қатыспайды?
4) Неше оқушы қазақ тілі де, орыс тілі де, ағылшын тілі де қосымша сабақтарына
қатысады?