БЖБ Информатика 7-сынып 3-тоқсан «Шешімдерді программалау»

«Шешімдерді программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 7-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 7-сынып 3-тоқсан «Шешімдерді программалау»

«Шешімдерді программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
 
Оқу мақсаты 7.1.2.1 «Бағдарламалау жүйесін» және «бағдарламалау тілдері» ұғымдарын ажырата білу; 
7.3.3.1 Деректердің типін жіктеу;
 
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жобаны дайындау кезінде интерфейсін құруға қойылатын талаптарды орындайды
• Бағдарламалау тілінде алгоритм жазу 
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
 
Орындау уақыты 15 минут
 
Тапсырма
 
1. Сөйлемді толықтырыңыз.
 
Бағдарламалау жүйелері - .....
 
Бағдарламалау тілдері - .....
 
2. Айнымалылар берілген. Әрбір айнымалы үшін берілгендер типін анықтаңыз және сызық арқылы айнымалы мен берілгендер типін жалғаңыз.