БЖБ Биология 7-сынып 3-тоқсан «Бөліп шығару»
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 7-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 7-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Биология 7-сынып 3-тоқсан «Бөліп шығару»
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 7.1.5.1 Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың
маңыздылығын түсіндіру
7.1.5.2 Өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ағзалардың бөліп шығару үдерісін зерделейді
• Өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты: 15 минут
Тапсырма
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
(а) Экскреция дегеніміз не?
_____________________________________________________________________________
(b) Экскрецияның ағза үшін маңызы қандай?
_____________________________________________________________________________
(с) Мүшелер мен зат алмасудың соңғы өнімдерін сәйкестендіріңіз.
Мүшелер Зат алмасудың соңғы өнімдері
1 Өкпе
2 Бауыр
3 Бүйрек
4 Тері
5 Лептесіктер
А. Несепнәр (мочевина), зәр, несеп қышқылы, аммиак
В. СО2
С. Су, тұз
D. О2
Е. Өт пигменттері
2. Өсімдіктердің бөліп шығару мүшелері кестесін толтырыңыз.
Бөліп шығару мүшелері Өнімдері Өнімдер сипаттамалары
Гидатодтар
Шірнеліктер
Асқорыту бездері
Шайыр жолдары / Безді түктер