БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 3-тоқсан «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»

«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 8-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 3-тоқсан «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»
Оқу мақсаты8.1.5.1перифразтүріндеберілгенсұрақтарарқылы
мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе
бойынша ой тұжырымдау
Бағалау критерийіБілім алушы
Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді
Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
Cұрақтар:
1)«Биоалуандылық» деген ұғымды қалай түсінесіз?
2)Түрлердің әртүрлілігінің табиғат үшін маңызы қандай?
3)Биоалуандылықтың қысқаруы тіршілікке қалай әсер етеді?
4)Адамдар не себепті биалуантүрлілік үшін жауапты?
Биоалуандылық деген не?
Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп.Ғаламшарымызда 10
миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» деп
аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.
Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуан
түрлердің саны, түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды
әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға
көмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.
Жаһандықбиоалуандылыққысқаруда.2100жылғақарайшамамен50-75%-ға
қысқарады.Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.
Қор
Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан
алынады.Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.
Тұрақтыэкожүйелер
Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі.
Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді
эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың
қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет.
Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет.Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың
азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады».
Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы
бүкілэкожүйенібұзуымүмкін.Сондықтанөзімізтіріқалуүшінбиоалуандылықты
сақтауымыз керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға
моральді тұрғыда жауапты.
2. «Бізге әрбір түр қажет. Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр
маңызды, себебі олардың азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады» (Уилсон Э.О.) деген
пікірге қаншалықты келісесіз? Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
1)Менің ойымша...
2)Себебі...
3)Оған дәлелім...
4)Қорытындылай келе...