БЖБ География, 9-сынып 3-тоқсан «Қазақстанның табиғат зоналары»

«Қазақстанның табиғат зоналары»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 9-сынып 3-тоқсан

 
Әдістемелік ұсыныстар 9-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География, 9-сынып 3-тоқсан «Қазақстанның табиғат зоналары»

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері.
Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары.
Оқу мақсаты 9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік
белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды
9.3.4.2 Қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ерекше
қорғалатын аумақтарының құрылу мақсатын
түсіндіреді
9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар
бойынша сипаттайды
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік
белдеулерінің таралуын салыстырады
 Ерекше қорғалатын аумақтардың құрылу
мақсаттарын анықтайды
 Ірі табиғат кешенін жоспар бойынша сипаттайды
Ойлау деңгейлері Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1.Кестеге Тянь-Шань, Алтай, Жетісу Алатауы тауларының биіктік белдеуінің таралуын
анықтап, + белгісін қойып шығыңыз.
Биіктік
белдеулер
Белдеулердің таралу биіктігі
Тянь-Шань Алтай Жетісу Алатауы
Қарлы Мұзды
Альпілік
Шалғынды
Орманды
Далалы
Шөлейтті
Шөлді
Қандай биіктік белдеу Тянь-Шань мен Алтайда кездеспейді, себебін жазыңыз.
2. Тапсырманы орындаңыз.
а. Суретте ерекше қорғалатын аймақтар берілген. Атауларын жазыңыз