ТЖБ Биология 9-сынып 3-тоқсан

«Биология» 9 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Биология» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖББиология 9-сынып 3-тоқсан

«Биология» пәні бойынша 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Төмендегі графикте спортшылардың қол жаттығуларын жасау кезіндегі бұлшықеттегі
гликоген мөлшері берілген.
(а) Графиктегі мәліметтерді пайдалана отырып А және В спортшыларының жаттығу
жасау қарқындылығының бұлшықеттегі гликоген мөлшерінің өзгерісіне қандай әсері
бар екендігі туралы қорытынды жасаңыз.
[1]
(b) Жаттығу жасау аралықтарындағы уақыттың қол бұлшықетінің төзімділігіне әсері
қандай екендігін болжаңыз.
[1]
2. Төмендегі 2.1 суретінде ДНҚ молекуласының бөлігі көрсетілген.
(а) ДНҚ молекуласының құрылымдық бөліктері фосфор қышқылының қалдығы мен
дезоксирибозаны суретке белгілеп көрсетіңіз.
[2]
(b) Бос бөліктерге комплементарлы азотты негіздерді толықтырыңыз.
[1]
3. Жасушалық циклдің интерфазасындағы ДНҚның екі еселенуі жүретін кезеңді атаңыз
[1]
4. Төмендегі 4.1 суретінде жасушалық циклдің сызбасы берілген.