«Қазақстан тарихы»  5-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар

«Қазақстан тарихы»  5-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар


1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.


2. Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген(2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)  үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелді).


3. 2022/2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.


5-9 сыныптарда«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылына 72  сағатты құрайды.


4. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.


5-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 1 млн жыл бұрын – V ғасыр) қолданылады.


5. Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің 5,6,7-сыныптарында  «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан  12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілді.


6. Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны:


5 сынып – бөлім бойынша Жиынтық бағалау саны:


1-тоқсан


2-тоқсан


3-тоқсан


4-тоқсан


1


2


2


3


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі Қазақстан тарихы 5-сынып, аптасына – 2 сағат, барлығы 68 сағат


 


р/с


Ауыспалы тақырыптар


Сабақтардың тақырыптары


Оқыту мақсаттары


 

Cағ.


саны


Мерзім


Ескерту


1- тоқсан (17 сағат)


1


5.1. Қазақстанда


ғы ежелгі адамдардың өмірі


Кіріспе сабақ.


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?


Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу


1


 

 

2


Алғашқы адамдардың өмірі.


 

Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?


5.1.1.1алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;


1


 

 

3


5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету


1


 

 

4


Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары.


Зерттеу сұрағы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?


5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;


1


 

 

5


5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;


1


 

 

6


5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау


1


 

 

7


Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.


Зерттеу сұрағы: Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?


5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;


 

1


 

 

8


5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау


1


 

 

9


Ботай мәдениеті.


Зерттеу сұрағы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?


5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау


1


 

 

10


Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы.


Зерттеу сұрағы: Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?


5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру


 

1


 

 

11


Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.


Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?


5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;


1


 

 

12


5.2.2.5 Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау


1


 

 

13


Қазақстандағы жартастарға салынған  ежелгі суреттер.


Зерттеу сұрағы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді?


БЖБ -№1


5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;


1


 

 

14


5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау


1


 

20 мин


 

 

15


 

Ежелгі адамдардың өміріне саяхат


 

5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігін шығармашылық түрде  көрсету


1


 

 

 

 

16


ТЖБ- 1 тоқсан


1 оқу тоқсаны бойынша оқу мақсаттары


1


 

 

17


Өлкетану


Туған өлкенің аңыз ертегілері


5.2.2.9өлкенің аңыз ертегілерінің мән мағынасын түсіндіру


1