«Көркем еңбек» күнтізбелік тақырыптық жоспар 6-сынып (қыздарға арналған)
«Көркем еңбек» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау6 сынып (қыздарға арналған)
Бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептегі «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің мазмұны негізінде әзірленген кіріктірілген жаңа «Көркем еңбек» пәні енгізіледі.
Пәннің оқу бағдарламасы келесі тараулардан тұрады:
1) Жалпы ережелер – бағдарлама мазмұнын жүзеге асырудың мақсаты, міндеттері, негізгі әдіснамалық және әдістемелік қырлары туралы ақпарат қарастырылған;
2) Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру – оқу жүктемесінің көлемі туралы ақпарат берілген, пән бойынша тақырыптардың мазмұны енгізілген;
3) Оқыту мақсаттарының жүйесі – бөлім бойынша әр сыныпқа бөлінген оқытудың күтілетін нәтижелері (оқытудың мақсаты);
4) Ұзақ мерзімді жоспарлар – оқу жылы бойы бағдарлама бөлімдерін оқыту реттілігін анықтайды. Сағат саны бөлінуін, сонымен қатар тоқсанда оқытылатын тақырыптардың реттілігін мұғалімнің қалауы бойынша өзгертуге болады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың негізі болып табылады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту оқушылардың өнер мен технология саласындағы функционалды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған, пәндік білім мен түсініктерін, тұлғалық, практикалық, көркемдік, зерттеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, әлемді эстетикалық қабылдауын дамытады.
Орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде пәннің мазмұнын кіріктірудің себебі, қолданыстағы «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Технология» пәндері бойынша оқу бағдарламалардың мазмұна жасалған талдау мазмұны жалпы ұқсас екенінін және аталған пәндер бағдарламаларындағы оқу материалдарының қайталанатындығын көрсетті.
Екі пәннің мазмұны бойынша шамамен бірдей, әртүрлі тарауларын біріктіру қажеттігі «Көркем еңбек» (негізгі мектепте) пәнінің бес білім беру бағыттарын анықтады:
1) визуалды өнер;
2) сәндік-қолданбалы өнер;
3) дизайн және технология;
4) үй мәдениеті;
5) тамақтану мәдениеті.
«Көркем еңбек» пәнінің мазмұны қолданыстағы «Технология» оқу пәнінің бағдарламасында гендерлік ерекшелігіне қарай (қыздар мен ұлдарға), сыныптың толықтырылуынан тыс қарастырылады.
Визуалды өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: классикалық және заманауи өнер, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары; сандық өнер (фотография, анимация, медиа құралдар); бейнелеу өнерінің (визуалды) мәнерлік құралдары; көркем материалдар және техникалармен жұмыс дағдыларын меңгеру. Осы тараудың мазмұнында ұлдар мен қыздар үшін бірдей тақырыптар қамтамасыз етілген.
Сәндік-қолданбалы өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: сәндік қолданбалы өнерінің ерекшеліктері мен негізгі формалары, Қазақстанның және басқа ұлттардың қолданбалы өнері, СҚӨ материалдары, құралдары мен технологиялары; ұлттық ою-өрнек; интерьерді сәндік безендіру.
Дизайн және технология (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдар; тоқыма материлдарды өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар; тоқыма материалдарын өңдеудің әр түрлі тәсілдері; тоқыма материалдардан жасалған бұйымдардың дизайны; сән индустриясы, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясы.
Үй мәдениеті (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: жеке адам гигиенасы; тұрғын үй экологиясы; өсімдік өндіру негіздері, сәндік гүл өсіру, ландшафтық дизайн; киімді күту және сақтау.
Тамақтану мәдениеті тарауының мазмұнында: дұрыс тамақтану негіздері; дастарқан басында өзін-өзі ұстау тәртібі; ас мәзірін әзірлеу; тағам дайындау технологиясы; әлем халықтарының тағамдары.
Жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерінің бірі, оқу пәнінің мазмұнын анықтауға негіз болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелер болып табылады. Пәннің мазмұны пәндік білім және икемділікпен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Құрылған оқу мақсаттарының жүйесі келесі дағдыларды дамытуға негіз болып табылады: білімді функционалды және шығармашыл түрде пайдалану, сыни ойлау, зерттеушілік жұмыстарды орындау, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану, коммуникациялардың әртүрлі тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс істеу икемділігі, шығармашылық іс-әрекетінің барысын жоспарлау, ақпараттық кеңістікте бағдарлану икемділігі.
«Көркем еңбек» оқу пәні бойынша оқыту мақсаттары жүйесі шығармашылық іс-әрекет барысында негізгі білімдер мен практикалық икемділіктерін қалыптастыруға бағытталған үш тарау бойынша қарастырылған.
1-тарау «Идеяларды зерттеу және дамыту» қоршаған ортаны, әртүрлі материалдарды зерттеу, қазақ халқының және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрімен танысу, жеке шығармашылық идеяларын ұсыну барысында зерттеу икемділіктерін және шығармашылық қиялын дамытуға бағытталған.
2-тарау «Жасау және дайындау» оқушылар әр түрлі материалдармен эксперимент жүргізу, әр түрлі құралдармен жұмыс істеу икемділігі және жұмыстың әртүрлі техникаларын меңгеру барысында қоршаған болмысты бейнелеудің практикалық икемділіктерін дамытуға бағытталған.
3-тарау «Презентация, талдау және бағалау» коммуникативтік дағдыларын дамытуға және оқушылардың
академиялық тілін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламада оқушылардың зерттеу дағдылары мен танымдық іс-әрекеттерін дамытуға ерекше назар аударылған. Педагогикалық тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер оқушы оқыту барысында танымдық белсенділік танытса, тиімді нәтижелерге қол жеткізе алады. Танымдық белсенділікті қолдаудың негізгі формалардың бірі – сабақта ұсынылатын іс-әрекеттердің алуан түрлілігі мен вариативтілігі. Бейресми ортаны ұйымдастыру, жұмысты ерекше түрде бастау, әдемі және әртүрлі материалдар, қызықты және бірін бірі қайталамайтын оқу тапсырмалары, шығармашылық идеяларды ұсыну материалдары және техникаларды таңдау мүмкіндігі оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру үшін мұғалім әр оқушыны жеке, жұптық және топтық жұмыс түрінде жүргізілетін белсенді мақсатты оқу-танымдық іс-әрекетке қатыстыру керек. Біркелкіліктен құтылу үшін және оқушылардың көркем еңбекке деген қызығушылығын қолдау үшін сабақ барысында жұмыстың әртүрлі формаларын жүргізіп отыру керек.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкінідік туғызады. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әртүрлі құралдарын қолдану оқу бағдарламасын жүзеге асырудың және кең ауқымды дағдыларды дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану және олардың көркем еңбек сабағындағы жан-жақты мүмкіндіктері:
• шығармашылық жұмыс жасауда компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды қолдану;
• зерттеу жүргізу, презентация мен жобалар жасау үшін интернет ресурстарын пайдалану;
• қауіпсіз әлеуметтік тораптары мен онлайн ортада қатынасу, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту;
• сандық камераны қолдану арқылы нақты ақпаратты жазу және тіркеу.
Қазіргі заманғы орта білім беруде жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әр түрлі әлеуметтік топтарда тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматарды тәрбиелеуге ерекше назар бөлінеді. Осы міндетке қол жеткізу үшін көркем еңбек сабақтарында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытатын және өз ойларын сенімді түрде айтуға мүмкіндік беретін жағымды орта ұйымдастыру және іс-әрекет түрлерін таңдау керек.
Коммуникацияны дамыту үшін оқу бағдарламасында шығармашылық жұмыстың презентациясын, пәннің академиялық тілін қолданып белгілі аудиторияның алдында сөз сөйлеуді қарастыратын оқытудың жеке мақсаттары анықталған. Пәнді меңгеру аясында оқушылар өз шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің және басқалардың жұмыстарын түсіндіру, талдау және нәтижелерін сауатты бағалау, жұмыс әдістерін және шығармашылық идеяларын ұсына білуі керек.
Оқушылардың идеяларын немесе шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көрсетуде (презентация) пікір алмасу, талдау, және бағалау барысында сөйлеу дағдылары мен коммуникацияны дамытып қана қоймай, сонымен қатар пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, оқушыны белсенді шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің мазмұны пәндік міндеттерді шешумен қатар, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған, эстетикалық тәрбиеге ерекше назар аударылады.
Бұл пәннің шеңберінде жүзеге асырылатын эстетикалық білім мен тәрбие беру шығармашыл тұлғаны дамытуға және
қалыптастыруға тиімді ықпал етеді, жалпы барлық оқу үдерісіне жағымды әсер етпек. Өнер сабағында эстетикалық білім беру мен тәрбиелеу шығармашылық іс-әрекет барысында жүзеге асырылады, соның негізінде оқушылардың өз ойын білдіруге және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беретін пәндік және пәнаралық білімдері, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.
Сонымен қатар пән Қазақстанның көркем-мәдени мұрасын сақтауға және оны келесі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосады, болашақта кәсіби іс-әрекетін анықтаудың негізі болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
6 сынып (қыздарға арналған)
Пәннің оқу жүктемесі аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат.
Р/с |
Ортақ тақырып |
Тақырыптар |
Оқу мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті |
С |
Мерзімі |
1 |
Визуалды өнер |
Портрет жанры. Портрет түрлері. |
6.1.3.1-Шығармашылықидеялардыіскеасырумақсатындаақпараткөздерінөзбетіншетаңдап, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) |
1 |
02.09 |
2 |
Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет |
6.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету |
1 |
06.09 |
|
3-4 |
Сызықты портрет. Графика. Орындалу техникасы. |
6.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану 6.1.6.4-Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау |
2 |
09.09 13.09 |
|
5 |
Дәстүрлі емес материалдардан портретжасау (сымнан орындалған портрет) |
6.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау |
1 |
16.09 |
|
6-7 |
Портреттегі түс. Орындалу техникасы |
6.1.1.1-Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін көрсету 6.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану |
2 |
20.09 23.09 |
|
8-9 |
Заманауи портрет. Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе |
6.3.2.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру |
2 |
27.09 30.09 |
|
6.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану |
|||||
10-11 |
Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар) |
6.1.2.1-Әлемдікжәнеқазақтыңұлттықмәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнертуындыларыныңерекшеліктерінтүсіну мен білімінкөрсету |
2 |
04.10 07.10
|
|
12-13-14 |
Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. |
6.1.4.1 -Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау |
3 |
11.10 14.10 18.10 |
|
15-16-17 |
Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу |
6.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану |
3 |
21.10 28.10 28.10 |
|
6.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша сындарлы пікір мен негізделген ұсыныстарды қабылдау
|
|||||
18 |
Жұмысты қорғау |
6.3.1.1-Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме) |
1 |
08.11 4 т. |
|
19 |
Сәндік-қолданбалы өнер |
Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары. |
6.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету |
1 |
11.11 |
20 |
Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау |
6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау 6.1.4.2-Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер) |
1 |
15.11 |
|
21-22-23 |
Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезен |
6.1.6.4-Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау |
3 |
18.11 22.11 25.11 |
|
24-25-26 |
Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Екінші кезен |
6.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану 6.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану |
3 |
29.11 02.12 06.12 |
|
27-28 |
Шалма (тоқыма) бізбен тоқу. Шалма (тоқыма) біз және олардың түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау |
6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау 6.1.4.2-Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер) |
2 |
09.12 13.12 |
|
29-30 |
Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы). Материалдарды дайындау |
6.1.6.4 -Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау
|
2 |
20.12 23.12 |
|
31-32-33 |
Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы). Бұйымды орындау |
6.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану 6.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану |
3 |
27.12 30.12 10.01 |
|
34 |
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру |
6.3.1.1-Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме) 6.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша сындарлы пікір мен негізделген ұсыныстарды қабылдау |
1 |
13.01 |