БЖБ 10-сынып Геометрия, 3-тоқсан ЖМБ «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар»

«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Геометрия 10-сынып 3-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім  ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 10-сынып Геометрия, 3-тоқсан ЖМБ «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар»


«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Тақырып Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану.
Коллинеар және компланар векторлар
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Кеңістіктегі вектордың координаталары
Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту,
координатасымен берілген векторды санға көбейту
Векторды үш компланар емес вектор бойынша жіктеу
Екі нүктенің арақашықтығы
Кесіндіні берілген қатынаста бөлу
Кесінді ортасының координаталары
Оқыту мақсаттары 10.4.6 Кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша
тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу;
10.4.13 Координаталарымен берілген векторларды қосуды
және векторды санға көбейтуді орындау;
10.4.14 Векторлардың коллинеарлық және компланарлық
шартын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.4.12 Кеңістіктегі вектордың координаталарын және
ұзындығын таба білу;
10.4.8 Кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүкте
координаталарының формулаларын қорытып
шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Кеңістіктегі нүктені тікбұрышты координаталар
жүйесінде кескіндейді
 Векторларды қосу және векторды санға көбейтуді
орындайды
 Векторлардың коллинеарлық шартын қолданады
 Кеңістіктегі вектордың координаталарын және
ұзындығын табады
 Кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүкте
координаталарының формулаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. A(0;-4;5), B(-2;7;4), C(0;3;0) және D(5;2;6) нүктелері берілген. Осы нүктелерді
тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеңіз. Осьтерге, жазықтықтарға тиісті
нүктелерді анықтаңыз.
2.
a  3;0; 2, k  1;2; 5, n  1;1;1
және
d  8;4;1
векторлары берілген.
e  5a  k  6n  d
векторының координаталарын табыңыз.
3.
c  2; 6;8
және
d  1;3;4
векторлары коллинеар болады ма?