БЖБ 10-сынып Қазақстан тарихы, 3-тоқсан «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан»
«Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» 10-сынып 3-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Қазақстан тарихы, 3-тоқсан «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан»
«Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Ақ Орда -
Қазақ хандығының негізі. Мемлекеттік егемендікті
қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі. Қазақ
мемлекеттілігінің кеңестік түрі
Оқу мақсаты 10.3.2.5 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси
белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы
тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау
10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи
сабақтастығын анықтау
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде
мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
10.3.4.4 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру
үшін «автономдық кеңес республикасы», «кеңес одағы
республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдарын
пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
Еуразиядағы тарихи өзгерістерге әсерін ХІІІ-ХV
ғасырлардағы геосаяси жағдайлар арқылы көрсетеді
Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи
сабақтастығын көрсетеді
Тұңғыш автономиялардың тарихы негізінде
егемендікке қол жеткізу жолын зерттейді
«Автономдық кеңес республикасы», «кеңес одағы
республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдарын
мемлекеттіліктің кеңестік түрін көрсетуде қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген карталарды пайдалана отырып, қазақ даласындағы өзгерістердің Еуразияға
әсерін берілген салалар бойынша атап көрсетіңіз.
ХІІ ғасырдағы
қазақ даласы
Шыңғыс хан
ұлыстары
Моңғол
шапқыншылығы
(ХІІІ ғасыр)
ХV ғасырдағы
қазақ хандығы