БЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан «Органикалық химияға кіріспе»

«Органикалық химияға кіріспе»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан «Органикалық химияға кіріспе»

10.3E «Органикалық химияға кіріспе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.4.2.2 Көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық,
құрылымдық және кеңістіктік формулаларын
ажырату
10.4.2.5 Қосылыстардың құрылымдық формуласын құру
және оларды Теориялық және қолданбалы
химияның халықаралық одағы номенклатурасы
бойынша атау
10.4.2.6 Изомерия түрлерін атау және изомерлер
формулаларын құрастыру: құрылымдық,
байланыстың орны бойынша, функционалдық
топтар және классаралық изомерлер
10.4.2.9 Берілген жану өнімдері бойынша заттың
молекулалық формуласын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Заттардың эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық
және кеңістіктік формулаларын бір-бірінен
ажыратады
 Органикалық қосылыстардың құрылымдық
формуласын құрып, IUPAC номенклатурасы
бойынша атайды
 Изомерия түрлерін атап, изомерлер формулаларын
құрастырады
 Органикалық заттардың формулаларын жану
реакцияларындағы түзілген өнімдер бойынша
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. (a) Формулалар атауы мен формуланың түрлері арасында сәйкестікті көрсетіңіз:
Формуланың атауы Формуланың түрі
А.
Құрылымдық формула
1.
В.
Қаңқа формула