ТЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы 3-тоқсан ЖМБ

Дүниежүзі тарихы 10 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖтолық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының Қазақстан тарихылық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы 3-тоқсан ЖМБ

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен III тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешіңіз.
a. Бұдан 5000 жыл бұрын пайда болған ең алғашқы мемлекет.
b. «Мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамиды» деп тұжырымдайтын
теория.
c. Мемлекеттік басқару институтының төрт формасын «патшалық, аристократиялық,
олигархтық, демократиялық) көрсеткен ежелгі грек ойшылдарының бірі.
d. Б.з.д. V ғасырда пайда болған тұңғыш демократиялық мемлекет.
a.
b.
c.
d.
[4]
«Мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолданып, тарихи оқиғалар мен
процестерді бір сөйлеммен түсіндіріңіз.
[1]
2. Кестеде араб шапқыншылығы мен крест жорықтарының себептерін анықтаңыз.
Крест жорықтары Араб шапқыншылықтары
Саяси себептер
Экономикалық себептер
Ортақ себептері
[5]
3. «Наполеон кодекстерінің» мәнін анықтап, кестені толтырыңыз.
Наполеон соғыстары барысында Франция тарапынан жаулап алынған мемлекеттерде
«Наполеон кодекстері» енгізілді. Оның мәні неде?
[1]
Наполеон жорықтарының нәтижесінде Еуропадағы өзгерістер
саяси өзгерістер экономикалық өзгерістер
Наполеон соғыстарының салдары