ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ЖМБ
Қазақ тілі 10 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10-11 сыныптар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ЖМБ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері», «Адам өмірін сақтау», «Адамзат
дамуының жаһандық мәселелері» бөлімдері
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді басшылыққа ала отырып, көпшілік алдында сөз сөйлеңіз. Ол үшін мәтінді мұқият
оқып шығыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды, тақырыпқа қатысты қажетті сөздер мен
тіркестерін мазмұндауда қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап,
мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді
қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Қазіргі кезде жаһандану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтікгуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп,
методологиялық және танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану
үрдісінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, ақпараттық, мәдени астарлары терең
зерделенуде. Бұндай қарқынды және жүйелі зерттеулер, әсіресе, ХХІ ғасырда кеңінен етек
алып отырғанын атап өткен жөн.
Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, әлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат
қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар әкелуде.
Жаһанданудың басты типтік және сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы
экономикалық-шаруашылық, сауда-қаражаттық, мәдени, ақпараттық байланыстармен өзара
әрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен
тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық
корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы
идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы әлеуметтік-саяси
жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын
қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық және мемлекеттен жоғары
тұратын саяси және құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері
ретінде қарастыруда.
Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мәдени көрсеткіштеріне
де ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мәдени бөлімі
жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі және «локомотиві», басқа салаларды анықтаушы
күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша «мәдениет — биосфера тәрізді құрылымның
генераторы, осынысымен ол адамдар айналасында әлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге
жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық». Шындап қарасақ, жаһанданудың
негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мәдени ұстанымдардың жатқаны белгілі.
2-мәтін
Жаһандану XXI ғасырда адамзат баласына бұрын-соңды болмаған көп жаңалық пен
барлық салада алға ілгерілеу мүмкіндігін сыйлағанымен, жаңа қауіптерден де құралақан
қалдырған жоқ. Өткен ғасырда бір-біріне қару кезену арқылы жүрген агрессиялық қарымқатынастар ақпараттық, технологиялық санкциялардың көмегіне жүгінген соғыстарға
ұласты. Әлемдік экономикада еленбей келген елдер ерекше өсім көрсетіп, бәсекелес
күштердің жаңа толқыны қалыптасты. Әлемге ашық, көпвекторлы саясат ұстанатын
Қазақстан бейбітшілік пен ортақ ымыраға келу туралы бастамаларын ұсына отырып, ұлттық
экономикадағы басым бағыттарды анықтау үшін аталған сындарды ескермесе болмайды