ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан ЖМБ

Құқық негіздері 10 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Құқық негіздері» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖтолық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының Қазақстан тарихылық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан ЖМБ

«Құқық негіздері» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Мәміле ұғымын түсіндіріп, оның түрлерін ажыратыңыз.
Мәміле – ___________________________________________________________________
[1]
№ Жағдаят Түрлері
1 Тамыров пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ұзақовқа алдын ала
ақшасын төледі
2 Кәсіпкер Мұратов көтерме дүкеннің қоймасында 50 жәшік ауыз судың
ақшасын төлегеннен кейін, жүктерін машинасына тиеп, кетіп қалады
3 Қайтыс болған Сапаровтың ұлы мен қызы 6 ай үшінде мұраны қабылдауға
еркін білдірмеген.
4 Кәсіпкер Насырова жазбаша келісімге сәйкес апта сайын тауарға
телефонмен тапсырыс беріп отырады.
[4]
2. Жағдаят бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Жағдаят Сұрақтар
Азамат Б.-ның үйінде бірнеше сурет болған. Бірақ оны
аса бағаламайтын. Ол суреттерді қабырғалары
дымқылданған қосалқы үй-жайда сақтайтын. Бірде Б.-ға
танысы Т. қонаққа келеді. Б. оған баяғы суреттерді
көрсетеді. Т. олардың біреуі атақты суретшінің жұмысы
екендігін таниды. Б.-ның суреттерді арнайы
ыңғайластырылмаған үй-жайда сақтайтынын көріп,
бұлай етуге болмайтынын, сурет мәдени құндылық
болып табылатынын айтқан. Оған Б. меншіктің иесі өзі
екенін, суретпен не істесе де өзі білетінін айтып жауап
берген.
Бұл дауға қандай төрелік айтар
едіңіз?
Меншік құқығын қорғау жолдарын
түсіндіріңіз. Тиісті заң бабы
бойынша түсіндіріңіз.
[3]
3. Жағдаят бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Жағдаят Сұрақтар
Азаматша П дүкенде сыртқы түрі мен бағасы ұнаған
магнитофонды таңдап алады. Магнитафонның
нұсқаулығы қытай тілінде жазылған екен. Магнитафонды
тексермей, кассаға барып сатып алады. Үйіне әкелген
кезде магнитафон жарамсыз екені анықталады. Бірақ
дүкендегі сатушы оны айырбастаудан бас тартады,
өйткені азамат П-да кепілдік құжатында сатушының мөрі
басылып қойылмаған екен.
Тауар сатып алған кезде тұтынушы
ретінде П. қандай қателіктерді
жасады? Тиісті заң бабы бойынша
түсіндіріңіз.
Тұтынушы құқығын қорғау
жолдарын ұсының