БЖБ 10-сынып Биология, 3-тоқсан ҚГБ «Жасушалық цикл тарауы»
«Жасушалық цикл тарауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 10-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 10-сынып Биология, 3-тоқсан ҚГБ «Жасушалық цикл тарауы»
Жасушалық цикл тарауы бойынша жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары 10.2.2.1 Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың
қалыптасу ерекшелігін түсіндіру
10.2.2.2 Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі
нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру
10.2.2.3 Қартаю үдерісін түсіндіру
Бағалау критерий Білім алушы
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың
қалыптасуындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды көрсетеді
Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі
нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіреді
Картаю үдерісін түсіндіреді
Қартаю үдерісінің себептері мен салдарын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасуындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды Венн диаграммасына толтырыңыз.
2. Бақылауға бағынбайтын жасушалардың бөлінуінен обырдың пайда болуын
түсіндіріңіз.
3. Қартаюдың 3 – тен кем емес себебін келтіріңіз:
4. Суретті пайдалана отырып, қартаюдың зардаптарын атаңыз.
А. В.
5. Сызбаны пайдаланып, қартаюдың үдерісін түсіндіріңіз.