БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 3-тоқсан ҚГБ «Мемлекет формаларының эволюциясы»
«Мемлекет формаларының эволюциясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» 10-сынып 3-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 3-тоқсан ҚГБ «Мемлекет формаларының эволюциясы»
«Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен
бүгінгі күнге дейін. Саяси режимдердің типтері.
Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары.
ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстарының халықаралық
қатынастар жүйесіне әсері
Оқу мақсаты 10.3.1.4 Мемлекеттердің тарихи формаларына тән белгілерін
анықтай отырып, салыстыру
10.3.1.6 Тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы
демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау
10.3.2.7 Әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып араб
шапқыншылықтары мен крест жорықтарының салдарларын
салыстыру
10.3.2.12 Тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және
Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен
салдарларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Мемлекеттердің тарихи формаларын анықтап,
салыстырады
Тоталитарлық режимнен демократияға көшудің
ерекшелігін ажыратады
Әлемдік өзгерістерге қатысты арабтардың жаулап
алуларының және крест жорықтарының салдарларын
салыстырады
Құжатқа сәйкес І және ІІ дүниежүзілік соғыстардың
себептері мен салдарын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделенуіне және өз аумағының кеңеюіне
қарай мемлекеттің даму сатысын қарапайымнан күрделіге қарай орналастырыңыз.
Нұсқа Мемлекеттің даму сатылары
A Бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару
жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі
күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым
B Орталықтанған мемлекет - ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарымқатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі
болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады
C Империя. Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып
алады, әртүрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әртүрлі қоғамдық құрылысы бар
елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.
D Полис - халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлеке