БЖБ 10-сынып Физика, 3-тоқсан ҚГБ «Әртүрлі ортадағы электр тогы»

«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 10-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 10-сынып Физика, 3-тоқсан ҚГБ «Әртүрлі ортадағы электр тогы»

«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.3.1 - әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын
салыстыру
10.3.3.3 - жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына
мысалдар келтіру
10.3.3.4 - асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық
қолданылуын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі ортадағы электр тогын сипаттайды
 Жартылай өткізгіштердің қолданылуын түсіндіреді
 Асқын өткізгіштік құбылысын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Графиктерде төрт мүмкін болатын вольт-амперлік сипаттама (I-V) берілген. Жартылай
өткізгішті диод үшін қай график дұрыс?
2. Заттардағы электр тогын тасымалдаушы бөлшектерді ата:
Металдарда ......................................................................
Электролиттерде .............................................................
Жартылай өткізгіштерде ................................................
Газдарда ...........................................................................
Вакуумда ..........................................................................
3. Термистор сезгіш амперметрмен және ток көзі батареясымен тізбектей жалғанған.
Амперметрдің көрсетуінің арту себебі неде болуы мүмкін?
A) Тағы бір термистордың тізбектей жалғануы
B) Термистор температурасының төмендеуі
C) Термистор температурасының артуы
D) Батареядағы ток көзі санының азаюы