ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ҚГБ
Қазақ тілі 10 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10-11 сыныптар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 3-тоқсан ҚГБ
«Құқық негіздері» пәнінен IІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Азаматтық кодекске сәйкес, азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың
қатысушыларын сипаттаңыз.
Мемлекет Азаматтар Заңды тұлғалар
[3]
2. Берілген мәтінмен танысып, бос орынды толтырыңыз.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол
мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес
жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым … деп танылады
А) жеке тұлға
В) заңды тұлға
С) азамат
D) мемлекет
[1]
3. Төменде берілген үш жағдаятпен танысып, қайсы мүліктік емес жеке құқықтық
қатынастарға жататындығын анықтап, мүліктік қатынастардың айырмашылығы мен
ұқсастығын жазыңыз.
А) Азамат Д. техника дүкенінде тоңазытқыш сатып алады. Үйге әкеліп орнатқан соң,
шамалы уақыт өтеді. Азамат Д.-ның тоңазытқышы он төрт күн ішінде істен шығады.
Сатып алушы техника дүкеніне қайта оралып, техниканы ауыстырып беруді немесе ақша
қайтаруды талап етеді.
В) Компания басшысы осы мекемеде қызмет ететін қызметкер жұмыстан негізсіз
кешіккені үшін тәртіптік жаза қолданады. Мекеме қызметкері компания басшысының
іскерлік беделі мен жеке құпиясын көпшіліктің арлдында жария етеді.
С) Білім алушы арнайы құрылғыны ойлап табады. Осы құрылғы арқылы денсаулық
жағдайы төмен адамдар өмірлерін жеңілдете алады. Құрылғы авторы авторлық құқық
немесе патент алуға өтініш береді