БЖБ 11-сынып Физика, 3-тоқсан ЖМБ «Геометриялық оптика»

«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 11-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 11-сынып Физика, 3-тоқсан ЖМБ «Геометриялық оптика»

«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік
жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың
жолдарын ұсыну;
11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын
жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану;
11.6.2.8 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің
жолын салу және түсіндіру;
Бағалау критерийі Білім алушы
 транспортирді қолдана отырып, түскен сәуле мен
сынған сәуле бұрышын анықтайды, берілген
шынының сыну көрсеткішін анықтайды және
шыныдан ауаға өткен сәуле жүрісін аяқтайды;
 мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана
отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып
көрсетеді;
 әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын
жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда
қолданады;
 микроскоп арқылы қарағандағы дененің ұлғайған
кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алады;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Оқушы шынының сыну көрсеткішін анықтау үшін зерттеу жұмысын жасаған. Зерттеу
жұмысының сұлбасында шыны пластинаның орыны, түскен және сынған сәулелер
бейнеленген.
(а) Транспортирді қолдана отырып, сәуленің түсу және сыну бұрыштарын өлшеңіз.
[2]
(b) алынған мәліметтерді пайдалана отырып, берілген шынының сыну көрсеткішін
анықтаңыз.
[2]
(с) шыныдан ауаға өткен сәулені салып көрсетіңіз.
[1]
2. Суретте линзалар жүйесі бейнеленілген.