БЖБ 11-сынып Физика, 3-тоқсан ЖМБ «Атомдық және кванттық физика»
«Атомдық және кванттық физика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 11-сынып 3-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ 11-сынып Физика, 3-тоқсан ЖМБ «Атомдық және кванттық физика»
«Атомдық және кванттық физика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.8.1.5 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны
қолдануға мысалдар келтіру;
11.8.1.6 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн
теңдеуін есеп шығаруда қолдану
11.8.1.8 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға
келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау
11.8.1.13 - Бор постулаттарына сүйеніп атомның
орнықты күйінің шартын түсіндіру
11.8.1.14 - сутегі атомының энергетикалық құрылымына
сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын
түсіндіру;
11.8.1.18 - де Бройль толқын ұзындығының формуласын
есептер шығаруда қолдану;
11.8.1.19 - де Бройль болжамын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Ішкі және сыртқы фотоэффект құбылыстарын
бір-бірінен ажырата отырып, фотоэффект
құбылысының қолдану аясына мысалдар
келтіреді;
фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын
ұзындығын анықтайды;
жарықтың химиялық әсерін сипаттайды;
Бор постулаттарына сүйеніп атомның орнықты
күйінің шартын ескере отырып, орбитада
орналасқан сутек атомының энергиясы әртүрлі
қанша квант шығара алатындығын анықтайды
және сутек атомындағы электрон бір
энергетикалық деңгейден екінші энергетикалық
деңгейге ауысқанда, атомның энергиясы қалай
өзгеретіндігін біледі;
сутегі атомының энергетикалық құрылымына
сүйене отырып, оның шығару спектрінде қанша
сызықты көруге болатындығын анықтайды;
де Бройль толқын ұзындығының формуласын
есептер шығаруда қолданады;
де Бройль болжамын дәлелдейтін тәжірибені
сипаттап жазады;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. (а) Ішкі және сыртқы фотоэффект дегеніміз не?
Ішкі фотоэффект ............................................................................................................................
..........................................................................................................................................................
Сыртқы фотоэффект .....................................................................................................................
..........................................................................................................................................................
[2]