БЖБ Қазақ тілі 2-сынып 4-тоқсан «Қоршаған орта»

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі (Т1)» 2-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Қазақ тілі 2-сынып 4-тоқсан «Қоршаған орта»

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
БөлімшеТыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.4.1Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген
тақырып бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийіБілім алушы
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгейдағдылары
Орындау уақыты20минут
Тапсырма
1.Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы айтылуы
мүмкін? Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды дәлелде.
Тірек сөздер:өзен, жаңбыр, су болу, ағаш арасы, тығылу, қармақ салу, балық аулау,
көңілді.
2.Берілгентірексөздерменсуреттіпайдаланып,«Балықаулағанбалалар»
тақырыбына әңгіме құрастырып айт.
40