БЖБ Дүниетану 2-сынып 4-тоқсан «Қоршаған орта»
«Қоршаған орта» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 2-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнынжаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Дүниетану 2-сынып 4-тоқсан «Қоршаған орта»
Бөлімше2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
2.2 Климат және ауа райы
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты2.2.1.1. Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
2.2.2.1 Ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-
PAGE\* MERGEFORMAT50әрекетіне оң және кері әсерін талдау
2.2.3.3 Табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын
жіктеу
Бағалау критерийіБілім алушы
Тұсбағдар арқылы көкжиектің тұстарын анықтайды
Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері
әсерлерін салыстырады
Қауіпті табиғи құбылыстарды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты15 минут
Тапсырма
1.Суретке мұқият қара. Нысандардың қай бағытта орналасқанын жаз.
Тірек сөздер:солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс.
1)құдық3)тау
2)орман4)үй
2.Суреттерге мұқият қара. Ауа райы адам өмірінеқалай әсер етеді? Мысал келтір.