Әдебиеттік оқу 3-сынып ТЖБ 4-тоқсан

4-тоқсан бойыншажиынтық бағалау 3-сынып «Әдебиеттік оқу»

3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар,қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көптаңдауыбартапсырмалардабілімалушыұсынылғанжауапнұсқаларынан дұрысын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалардабілім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқакөп таңдауы бар сұрақтар,қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші және екінші тапсырмалар тыңдалым мен айтылым дағдысын, үшінші тапсырма оқылым дағдысын, төртіншісі жазылым дағдысынтексеруге бағытталған.

Әдебиеттік оқу 3-сынып ТЖБ 4-тоқсан

«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма 
1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Жолаушылардың бұлақ туралы айтқан пікірлерін тауып, сәйкестендір. 
• Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Неліктен? Мақал-мәтелдерді, көркем 
сөздерді қолданып, өз ойыңды айт.
[6]
Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, 
суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басында жатқан үлкен таста:
– «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!», - деген жазу бар екен.
Жолаушылар бұлақтан су ішеді. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
– Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен 
болады. Бұл жазуды сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма, сонда мұратыңа 
жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
– Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның 
шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге 
жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не 
ойлайсың?» - деп сұрайды.
– Меніңше, адамдар бұл бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық 
болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп 
түсінемін,- деп жауап беріпті.
Ешқашан жалқауланып, тоқтап қалма. Сонда 
мұратыңа жетесің.
Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.
Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет 
етпе.
Бірінші жолаушы
Үшінші жолаушы
49