Математика 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Уақыт»
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 3-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелікұсыныстардабөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған.
Математика 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Уақыт»
«Уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
Оқу мақсаты 3.1.3.3** Шамалар мәндерін уақыт (сек, мин, сағ, тәул,
жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және
амалдар орындау
3.1.3.4 ** Уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін
олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Уақыт өлшем бірліктерін салыстырады
• Уақыт өлшем бірліктерін түрлендіреді
• Уақыт өлшем бірліктерімен амалдар орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Салыстыр.
4 сағ 20мин 240 мин 100 сек 2 мин .
1 тәул. 10 сағ 38 сағ 400 жыл 5 ғасыр
2-тапсырма
Өрнекте.
2 cағ 2 мин = ..... мин
2 тәул. 5сағ = ... сағ
480 сек. = .... мин
3-тапсырма
Есепте.
2 мин 3сек – 33 сек = 2 тәул. – 12 сағ= 3 ғасыр – 150 жыл=