Дүниетану 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Су – тіршілік көзі»

«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниетану» 3-сынып 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнынжаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

Дүниетану 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Су – тіршілік көзі»

« Су – тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Климат және ауа-райы
1.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын 
анықтау
3.2.3.2 Геологиялық және табиғи-климаттық апаттар 
туындаған жағдайдағы өзін- өзі ұстау ережелерін 
құрастыру
3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-
 қатерлерді анықтау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сипаттамасы бойынша климаттың негізгі түрлерін 
анықтайды
• Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін 
құрастырады
• Табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суретте бейнеленген климаттық белдеулердің атауын жаз. 
 
1) __________________________ 2) ______________________________
• Климаттық белдеудің біреуін сипаттап жаз. 
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
2-тапсырма 
Сурет бойынша су тасқыны кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін жаз