Дүниетану 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 3-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнынжаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Дүниетану 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
1.1 Мен және менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Қоғамда өзін- өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
3.1.1.5 Өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін атайды
• Өз шығындарын оңтайландыру жолдарын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырып
жаз.
Кітапханада
Мектепте
Қоғамдық көлікте
Көшеде
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________
4) _________________________________________________________________