ТЖБ Дүниетану 4-сынып 4-тоқсан
4-тоқсан бойыншажиынтық бағалау 4-сынып «Дүниетану»
4-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
ТЖБ Дүниетану 4-сынып 4-тоқсан
«Дүниетану» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-тапсырма
а) А. Айымбетовтың өмірбаянынан берілген үзіндіні оқы.
Айдын Айымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық
Батыры.
Қазақстанның үшінші ғарышкері А. Айымбетовтың ғарышқа
сапары 10 күнге созылды. Осы сапар барысында ол бірнеше ғылымизерттеу жұмыстарын жүргізді.
Физика саласы бойынша жерүсті жағдайында алуға келмейтін
кристалдарды сынақтан өткізді. Ұлттық тағамдардан жасалған
қоспалардың ғарышта адам ағзасына сіңірілуін сынау үшін
«Дастарқан-6» экспериментін жүргізді. Сонымен қатар Арал өңіріндегі
шаңды дауылдарды, Каспий теңізінің мұнай өндірісі кезіндегі
ластануын зерттеді.
Қорыта айтқанда, Айымбетовтің ғарыштағы он күні ғылымға
үлкен олжа болды.
b) Мәтінге сүйеніп, А. Айымбетовтың ғарышта жасаған зерттеулері туралы жаз.
1) ___________________________________________________________
2) ___________________________________________________________
3) ___________________________________________________________
[3]
2-тапсырма
a) Суретте бейнеленген ғарыш айлағы қалай аталады?
_____________________________
b) Қазақстанның әлемге танымал болуына бұл ғарыш айлағының қандай әсері бар?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
[2]