ТЖБ Дүниежүзі тарихы 5 сынып 4-тоқсан
4-тоқсандық жиынтық бағалау «Дүниежүзі тарихы» 5 сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
ТЖБ Дүниежүзі тарихы 5 сынып 4-тоқсан
Берілген тұжырымдарды кезеңдерге сәйкес топтастырыңыз.
Билік ұрпақтан ұрпаққа берілді;
Патша заңдар шығарып, олардың орындалуын бақылап отырды;
Сенат басшылығында патша отырды;
Сенат жұмысын консулдар басқарды;
Заң жобалары халық жиналысында талқыланды;
Заңдар сенат бектікеннен кейін күшіне енген;
Заңдар тәртіп ережелерін реттеді;
Басқарудың мұндай түрі б.з.б. VIII-VI ғғ.болған;
Басқарудың мұндай түрі б.з.б. VI-V ғғ.болған.
[9]
Берілген ұғымдарды анықтамасымен сәйкестендіріп, арнайы жауап кестесіне
толтырыңыз.