ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 4-тоқсан

Қазақ тілі 7 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 4-тоқсан

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология
Ғылыми фантастика. Пунктуация

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма 
Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен 
деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. 
Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызмен салысытырыңыз. 
Көзқарастарыңызда ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма? 
[10]

1-мәтін
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі 
тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, 
елестететін газет-журнал матералдары немесе радио-телехабарлар, кинолар аталар ерлігін 
мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, еш нәрсе 
де ұмытылған жоқ.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, қайғы-қасіретке толы 
қаралы сөз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. 
Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас 
ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Өзара 
одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған. 
Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай, 
өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты.
Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы 
Ә.Молдағұлова М.Маметова Т.Бигелдинов М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі 
арқасында қазіргі тату өмірімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік. Қазіргі 
таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде, тіпті, есімдеріне байланысты көшелер, 
кітап-жинақтары, ауыл атаулары берілді. Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан 
етті. 

Cұрақ:
Неліктен адамзат баласы зұлмат күш «соғысты» өз қолымен жасауға құштар?

2-мәтін 
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық 
болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып 
алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген 
қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына 
анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар 
жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы 
Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген 
адам – опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын 
өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз 
халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да 
мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 
1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр 
сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда 
ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы 
атанды. Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін