БЖБ Химия 7-сынып 4-тоқсан «Адам ағзасындағы химиялық элементтер»
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 7-сынып 4-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ Химия 7-сынып 4-тоқсан «Адам ағзасындағы химиялық элементтер»
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 7.5.1.2 Тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу
7.5.1.3 Адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу
7.5.1.4 Тыныс алу үдерісін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Көмірсулар, нәруыздар және майларды сапалық реакциялар нәтижесінде байқалатын өзгеріс арқылы анықтайды
Адам ағзасында кездесетін элементтерді сипаттайды
Тыныс алу үдерісін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Органикалық заттарды қарапайым реациялар арқылы анықтауға болады. Кестеде берілген ерітінділер арқылы анықталатын органикалық затты және анықтау принциптерін жазыңыз.
2. Адам ағзасында кездесетін екі элементті атап, олардың маңыздылығын сипаттаңыз.
__________________________________________________________________________
3. Тыныс алу үдерісін сипаттаңыз.