БЖБ География 7-сынып 4-тоқсан «Экономикалық география»
«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«География» 7-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ География 7-сынып 4-тоқсан «Экономикалық география»
«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ТақырыпТабиғи ресурстардың жіктелуі
Табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемалар
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі7.5.1.1 Табиғи ресурстарды жіктейді
7.5.1.2 Жергілікті компонентті қосымша қамти отырып табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды
7.5.1.4 Жергілікті компонентті қосымша қамти отырып табиғи ресурстарды игерумен байланысты туындайтын проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынады
Білім алушы
•Табиғи ресурстарды белгілері бойынша топтастырады
•Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын дәлелдейді, игерумен байланысты туындайтын проблемаларды анықтайды, шешу жолын ұсынады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Табиғи ресурстар адамзаттың дамуындағы маңызды фактор болып табылады. Табиғат қорларының әртүрлілігі және олардың таралуы - белгілі бір заңдылыққа тәуелді.
a.Табиғат ресурстары дегеніміз ...
b.Табиғи ресурсты жіктеу кестесін толтырыңыз.
№Табиғи ресурстың жіктелуіТабиғи ресурстың түріМысал
1Пайда болу жолдарына байланысты
2Қолданылу мақсаттарына байланысты
3Сарқылуына байланысты
с. Мұнай қоры шоғырланған екі ірі аймақты кескін картаға белгілеңіз (кескін карта толтыру ережелерін сақтаңыз).