ТЖБ Қазақ әдебиеті 8 сынып 4-тоқсан
«Қазақ әдебиеті» 8 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
ТЖБ Қазақ әдебиеті 8 сынып 4-тоқсан
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі оқиғаның шиеленісін анықтаңыз.
А) Жапанда жалғыз нардың кезігуі
В) «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
С) Күйшілердің жолдағы әңгімесі
Д) Қыздың әкесіне қолқа салуы
[1]
2. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік
дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез
кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Үзіндіге қатысты дұрыс жауапты
белгілеңіз.
А) Пролог, жанама мінездеу
В) Эпилог, тура мінездеу
С) Эпилог, жанама мінездеу
Д) Пролог, тура мінездеу
[1]
3. Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» шығармасының идеясы не?
А) Айдағы жасырынбақ
В) Жер тазалығын сақтау
С) Ай табиғатын зерттеу
Д) Көлеңке қоюлығын анықтау
[1]
4. «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйлә қыздың бейнесін анықтаңыз.
А) Ел басына қатер тұнған күннің, қасіреттің белгісі
Ә) Жақсылықтың емес, тек қана жамандықтың бейнесі
Б) Адамдардың тәубесіне келіп, шүкірлік ету белгісі
В) Атом сынағынан зардап шеккен кінәсіз жанның бейнесі
[1]
5. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені! Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым
дұрыс, бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім
....................................... толы.» Көп нүктенің орнына тиістісін қойыңыз.
А) кек пен қасіретке
В) мұң мен шерге
С) қиял мен шындыққа
Д) ыза мен жек көрушілікке
[1]