БЖБ Химия 8-сынып 4-тоқсан «Көміртек және оның қосылыстары»
«Көміртек және оның қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 8-сынып 4-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ Химия 8-сынып 4-тоқсан «Көміртек және оның қосылыстары»
8.4B «Көміртек және оның қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
.
Оқу мақсаты 8.4.3.1 Көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт
байланыс түзетінін түсіндіру
8.4.3.3 Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің
құрылысын және қасиеттерін салыстыру
8.4.3.6 Көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен
көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын
сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының
физиологиялық әсерін түсіндіру
8.4.3.7 Көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және
қасиеттерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көміртек көптеген қосылыстарында төрт байланыс
түзетінін сипаттайды
• Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің
құрылысын және қасиеттерін салыстырады
• Көміртек жанған кезде түзілген көміртек диоксиді мен
көміртек монооксидінің қасиеттерін салыстырады, иіс
газының физиологиялық әсерін сипаттайды
• Зертханада көмірқышқыл газын алып, оны анықтайды
және қасиеттерін зерттеп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Көміртектің қосылыстарда төрт байланыс түзетінін атом құрылысы бойынша
сипаттауға болады. Суретте көміртек атомының қалыпты күйдегі электрондарының
энергетикалық деңгейде орналасуы көрсетілген. Қозған күйдегі электрондардың
орналасуын сызып көрсетіңіз.
(a) Көміртек атомының төрт байланыс түзетінін метанның (СН4) мысалында көрсетіңіз.
(b) Метанның (СН4) молекуласындағы байланыс типін анықтаңыз.__________________