БЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 4-тоқсан «Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бүгінгі күнге дейін)»
«Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бүгінгі күнге дейін)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» 9-сынып 4-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 4-тоқсан «Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бүгінгі күнге дейін)»
«Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бүгінгі күнге дейін)» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтікэкономикалық дамуы. «Қазақстан – 2030, 2050»
стратегиялары
Оқу мақсаты 9.4.2.2 Нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға
әсерін талдау
9.1.2.1 Қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік
жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде
талдау
9.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны
ретінде айқындау
9.3.1.9 Ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға
әсерін талдайды
Қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік
жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде
талдайды
Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны
ретінде айқындайды
Ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Нарықтық экономиканың шаруашылықтың дамуына әсерін талдаңыз.
Жағымды әсері Жағымсыз әсері
Қорытынды
2. Дерек бойынша талдау жасаңыз.
Нарықтық қатынастарға өтудің алғашқы кезеңінде халықтың өмірі сүру деңгейі нашарлап,
кедейшілік деңгейі біліне бастады. 1991-95 жылы жалпы еңбекпен қамтамасыз
етілгендердің пайызы 3,7 %-ға төмендеді. Зейнетақы, жалақы төлемсіздігі созылмалы
сипат алды. 1996 жылы 391,7 мың жұмыссыздар тіркелді. 2000 жылы жұмыссыздықпен
күрес бағдарламасы жасалды. 2002 жылы жұмыссыздықты 9 %-ға қысқарту үшін 400 мың
жұмыс орнын ашу белгіленді. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы қабылданды.
.
Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын талдаңыз
_____________________________________________________________________________
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының бағыттарын анықтаңыз
_____________________________________________________________________________
Қорытынды_____________________________________________________________