БЖБ 10-сынып Химия 4-тоқсан ЖМБ «Галогеналкандар»

«Галогеналкандар»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 4-тоқсан ЖМБ «Галогеналкандар»

10.4B «Галогеналкандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.4.2.37 Галогеналкандардың әсеріне байланысты 
қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау
10.4.2.38 Нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың 
реакция теңдеулерін құрастыру
10.4.2.40 Элиминирлеу реакциясының механизмін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Галогеналкандармен байланысты экологиялық 
проблемалардан озон қабатының бұзылу механизмін 
сипаттайды
 Галогеналкандардың нуклеофилді реагенттермен 
әрекеттесу қабілетін анықтайды
 Элиминдеу реакциялары және оның жүру механизмін 
сипаттайды
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. (а) CH3Cl жылыжай газы болып табылады. CH3Cl газының атмосфераға бөлінуі 
басқа қандай экологиялық мәселені тудырады?
A) адам ағзасында жиналады
B) қышқыл жаңбыр 
C) эвтрофикация
D) озон қабатының бұзылуы
(c) Фреондар (хлорфторкөміртек) – көміртек, фтор және хлор қосындылары. Жалпы 
формуласы CFxCly (CFC қысқартылған сөзінен алынған).
Ең жиі қолданылатын фреондардың жүйелік атауларын, жалпы атауларымен 
сәйкестендіріңіз. 
Фреондардың жүйелік атаулары Фреондардың 
жалпы атаулары
A Дихлордифторметан (CCl2F2) 1 CFC – 11
B Трихлордифторметан (CCl3F) 2 CFC – 12
C
1,1,2 – трихлор-1,2,2 –
трифторэтан (CCl2F – CClF2 )
3 CFC – 113
A______ B_______ C_______
(c) Берілген қосылыстардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері дұрыс 
жазылған қатарды көрсетіңіз: