БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 4-тоқсан ЖМБ «Мәдениеттің дамуы»
«Мәдениеттің дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» 10-сынып 4-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 4-тоқсан ЖМБ «Мәдениеттің дамуы»
«Мәдениеттің дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи
зердесінің қазынасы. Зманауи өнердің даму
тенденциялары. Тарихи оқиғалар контекстіндегі
құндылықтардың өзгеруі
Оқу мақсаты 10.4.1.3 Әлемнің ең ірі мұражайларының зерттеп,
ерекшеліктерін анықтау
10.4.2.5 Бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп,
оның қазіргі қоғамға әсерін талдау
10.4.3.2 Дәйекті қорытындыларды жасай отырып,
қоғамның тарихи даму контекстіндегі руханиадамгершілік құндылықтардың өзгеруінің мысалдарын
зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Ірі мұражайларды зерттеп, ерекшеліктерін
көрсетеді
Бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін анықтайды,
қоғамға әсерін көрсетеді
Рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеруін
анықтайды, нақты тұжырымдар жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Әлем мұражайларының бірін таңдап, оның ерекшеліктерін анықтаңыз.
Лувр/Эрмитаж/ҚР Ұлттық мұражайы/Британ мұражайы
Зерттеу бағыттары Мұражай атауы _______________________
мұражайдың қызметтік бағыты
негізі қаланған жылы
жәдігерлердің көлемі
келушілер саны
2. Деректермен танысып, қазіргі бұқаралық мәдениеттің жағымды және жағымсыз тұстарын
кестеде анықтаңыз.
А дереккөзі
Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның
өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап тұратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық
мәдениетті діңгек тұтатын ұлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес,
әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы
нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес,
ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті
және т.б. жатады.