БЖБ 10-сынып Биология, 4-тоқсан ҚГБ «Координация және реттеу»
«Координация және реттеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 10-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 10-сынып Биология, 4-тоқсан ҚГБ «Координация және реттеу»
Координация және реттеу бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары 10.1.7.3 Жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін
оқып білу
10.1.7.4 Синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы
байланысты орнату
10.1.7.5 Механорецепторлардың тітіркендіргіштің
өзгерісіне жауап беруін сипаттау
Бағалау критерий Білім алушы
Жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін
сипаттайды
Синапстың құрылысына сай қызметін анықтайды
Механорецепторлардың түрлері және тітіргендіргішке
жауап беруін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну,
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. 1-суреттегі А, В, С әріптерімен берілген мидың құрылысына атау беріңіз және олардың
қызметін сипаттаңыз.
1 -сурет
A._______________________________________________________________________
В._______________________________________________________________________
С._______________________________________________________________________
2. Жұлынның құрылысына сәйкес қызметін кестеге толтырыңыз.
Құрылымдық компоненттері Қызметі
Сұр зат
Ақ зат
Жұлынның артқы тамыршалары
Жұлынның алдыңғы тамыршалары