ТЖБ 10-сынып Биология 4-тоқсан ҚГБ

«Биология» 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Биология» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-10 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Биология 4-тоқсан ҚГБ

4 тоқсан бойынша «Биология» пәнінен ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары
1. 1-суретте адам миының құрылысы көрсетілген
1-сурет
a) зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты температурасын сақтауды 
реттейтін мидың бөлігін көрсетіңіз. 
[1]
b) қыртыстың дәм сезу аймағы зақымданса не болады, түсіндіріңіз.
[2]
2. 2-суретте берілген жұлынның құрамдас бөліктерінің қызметін сипаттаңыз. (кемінде 1)
2-сурет
[1]
3. 3-суреттегі сызбада үш нейронды рефлекторлық доға көрсетілген.
3-сурет