БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан ҚГБ «Халықаралық құқық»

«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 10-сынып 4-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан ҚГБ «Халықаралық құқық»

«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Халықаралық жария құқығы
Тақырып Халықаралық жария құқығы түсінігі
Оқу мақсаты 10.5.1.1 Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және 
оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Халықаралық жария құқық ұғымы туралы түсінігін 
көрсетіп оның реттейтін қоғамдық қатынастарына 
сипаттама жасайды
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төменде берілген мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Халықаралық жария құқық – бұл мемлекеттер мен оның бірлестіктері (халықаралық 
ұйымдардың) арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саласындағы қарымқатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. 
a) Халықаралық жария құқығы қандай қарым-қатынастарды реттейді?
b) Меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктері қандай?
c) Халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі қандай?
d) Жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді ме?
e) Халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени 
саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктері қандай?
2. Халықаралық ұйымдарды кестеге толтырып, реттейтін қоғамдық қатынастар түрлері, 
институттар мен салаларын жазып, толтырыңыз.
Халықаралық ұйымдар 
атауы
Салалар мен институттар Реттейтін қоғамдық 
қатынастары
Дипломатиялық құқық
Халықаралық әуе құқығы
Халықаралық гуманитарлық 
құқық
Халықаралық теңіз құқығы