БЖБ 11-сынып Биология, 4-тоқсан ЖМБ «Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері»

«Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Биология 11-сынып 4-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 11-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 11-сынып Биология, 4-тоқсан ЖМБ «Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері»

«Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық 
бағалау
Оқу мақсаты 11.3.2.1 Мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну 
салдарын болжау
11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып 
білу және шешу жолдарын ұсыну.
Бағалау критерийі
 Мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну 
салдарын болжайды
 Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып 
білу және шешу жолдарын ұсынады
Ойлау дағдысы деңгейі Білу және түсіну 
Қолдану
Орындау уақыты 20 мин
1. Әлемнің тропикалық орман аймақтарында ағаштар минутына 150 га жылдамдықпен 
кесіледі. 
(a) Ормандардың осындай жылдамдықпен кесілуінің 2 себебін көрсетіңіз. 
................................................................................................................................................................
.......................................................................................................................................... [2]
(і) Ормандардың кесілуінің атмосфера құрамына 2 әсерін түсіндіріңіз.
................................................................................................................................................................
.......................................................................................................................................... [2]
2. Қазақстанның экологиялық проблемаларының бірін атаңыз. Өзіңіз атаған проблеманың 
шешу жолдарын ұсыныңыз.