БЖБ 11-сынып Биология, 4-тоқсан КГБ «Биомедицина және биоинформатика»
«Биомедицина және биоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 11-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 11-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 11-сынып Биология, 4-тоқсан КГБ «Биомедицина және биоинформатика»
«11.4 А Биомедицина және биоинформатика » бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары 11.4.4.1 Электромагниттік және дыбыс толқындарының
адам ағзасына әсерін түсіндіру
11.4.4.2 Биоинформатиканың рөлін сипаттау
11.4.4.3 ЭКҰ (ЭКО) әдісінің маңызын түсіндіру
11.4.4.4 Ауруларды диагностикалау және емдеуде
моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру
Бағалау критерий Оқушылар:
Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам
ағзасына әсерін сипаттайды
Биоинформатиканың рөлін түсіндіреді
ЭКҰ әдісінің маңызын сипаттайды
Ауруларды диагностикалау және емдеуде
моноклоналды антиденелерді қолданудың маңызын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
№1.
Кестеде адамға әсер ететін дыбыс көздерімен және дыбыстың деңгейі, әрі ағзаға қалай
әсер ететіндігі туралы ақпарат келтірілген.
Дыбыс көзі Дыбыстың
деңгейі, дБ Ағзаға әсер етуі
Жапырақтың сыбдыры
Сыныптағы орташа
дыбыс
20
40
Тыныштандырады
Гигиеналық қалыпты дыбыс
Телевизор
Поезд
Айқайлаған адам
Мотоцикл
Ауыр машина
70
80
80
90
90
Тітіркену,шаршау ,бас ауру
Ұшақ ( 300м биіктікте) 95 Жүйкенің жұқаруы, жараның
пайда болуы ,гипертония
Би залындағы музыка дыбысы 175 Естімей қалуға алып келеді.
Кестедегі ақпаратты қолдана отырып, дыбыс толқындарының адам ағзасына әсері
туралы қорытынды жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________