БЖБ 11-сынып География, 4-тоқсан (ҚГБ) «Адамзаттың ғаламдық проблемалары»

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 11-сынып 4-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 11-сынып География, 4-тоқсан (ҚГБ) «Адамзаттың ғаламдық проблемалары»

7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімібойынша жиынтық бағалау
Тақырып: 7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу
Оқу мақсаты11.7.1.1
11.7.1.2
ғаламдықпроблемалардышешужөніндеәлемдік
тәжірибені зерттеу
Қазақстанныңаумағындакөріністапқанғаламдық
проблемаларды анықтау
Бағалау критерийіБілім алушы
Ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде әлемдік тәжірибені
зерттейді.
Қазақстанныңаумағындакөріністапқанғаламдық
проблемаларды анықтайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты20 минут
Тапсырма
1.Ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде әлемдік тәжірибені зерттеңіз.
«2017 жылы БҰҰ Африка елдерінде 2,1 млрд АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді».
(a)Бөлінген қаражат Африка елдеріндегі қандай басты ғаламдық мәселелерді шешуге
жұмсалатындығын анықтаңыз.
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
(b)Ғаламдық мәселерді шешуде жұмыс жасайтын әлемдік екі қаржылық ұйымдарды анықтаңыз.
____________________________________________________________________________________
(c)«Халықаралық қаржылық ұйымдардың ғаламдық мәселерді шешуде сын пікірге ұшырайды».
Ұйымдарға қойылатын екі сын пікірлерді анықтаңыз
____________________________________________________________________________________
(d)Ұйымдарға қойылатын екі сын пікірлерге баға беріңіз
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
2.Қазақстанның аумағында көрініс тапқан ғаламдық мәселе түрін анықтаңыз.
Ғаламдық мәселенің болу себептерін анықтаңыз.
27